Қарағанды облысында екі жол апатынан бес адам және бір кішкентай қыз мерт болды, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында екі жол апатынан бес адам және бір кішкентай қыз мерт болды, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы ЖКО Қарағанды-Балқаш тасжолында Спасск ауылынан 20 шақырым жерде болған. 27 жастағы ер адам Mercedes Benz көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Fortuner көлігіне соғылған. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Toyota Fortuner көлігінде болған анасы мен екі жастағы қыз ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Toyota жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді, ал оның ұлы ауруханаға жатқызылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сегіз жастағы бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағы сынып, бассүйек миы шайқалған.
Екінші оқиға Қарағандының Косманавт көшесінде болған. Онда жолаушылар автобусы мен Mercedes Benz көлігі соқтығысып, жеңіл көліктің 26 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Апат сәтінде автобус салонында 30-дай жолаушы болған. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Екі оқиға бойынша да қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.