ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2019 | 11:18
Қарағанды облысында жергілікті жұмысшылар шетелдіктермен қақтығысты
Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city) 12 Авг 2019 в 9:19 PDT
Бұл жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және комбинат жұмысшыларымен кездесті.
"Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.
Показать комментарии
Читайте также