15 ақпан 2018 17:30

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам мерт болды, жүкті әйел сәбиінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда адам өліміне әкеп соққан екі жол апаты болды. Төтенше жағдай салдарынан 6 адам мерт болды. Тағы бес адам және жүкті әйел жедел түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарағандыда адам өліміне әкеп соққан екі жол апаты болды. Төтенше жағдай салдарынан 6 адам мерт болды. Тағы бес адам және жүкті әйел жедел түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қарағанды облысының ауруханасына жүктілігіне 26 апта болған әйел жеткізілді. Өкініштісі, жол-көлік оқиғасы салдарынан ол сәбиінен айырылып қалды. Сонымен қатар, жағы сынған. Қазір қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Онымен бірге, 2014 жылы туған тұңғыш баласы мен тағы екі адам жеткізілді. Олар Мақажанов атындағы ауруханада, түрлі жарақаттар алған", - деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Тағы бір адам Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылындағы ауруханаға жатқызылды. 

Еске салайық, Қарағанды облысында өткен тәулікте екі ірі жол апаты болды. Бірі Қарағанды Қарқаралы тасжолында Шешенқара ауылының маңында тіркелді. Toyota Camry және ВАЗ-2123 маркалы көліктер соқтығысты. Салдарынан  Toyota Camry көлігінде отырған 49 жастағы жолаушы және ВАЗ-2123 көлігінің 69 жастағы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін тағы екі адам көз жұмды: Toyota Camry жүргізушісі мен 82 жастағы әжей. Тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

Екінші жол апаты Қарағанды - Жезқазған тасжолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada Granta жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, Toyota Camry маркалы көлікке соғылған. Екі көліктің де жүргізушілері мерт болды. Ал жолаушылары ауруханаға жатқызылды. 

"Екі дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 4-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети