Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағанды облысында жол апатынан тағы екі полицей қаза болды

08 Желтоқсан 2014, 13:49
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қарағанды облысында көліктердің бетпе-бет соғылуы салдарынан екі полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні Бұқар жырау ауданында болды. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жолдың ұзын бұрылысында Бұқар жырау аудандық ІІБ кезекші бөлімінің бастығы Рамазан Ахметов ВАЗ-21102 руліне ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кетеді де, Volkswagen Passat-пен түйіседі. Соққыдан рульдегі полицей мен оның мемлекеттік автоинспекцияның аға инспекторы болып жұмыс істейтін әріптесі Рахат Әдешев оқиға орнында қайтыс болды. 

Volkswagen жүргізушісі - Ресей азаматы. Қарағанды облысындағы жол-көлік оқиғасы кезінде ол жеңіл жарақат алды. ІІД мәліметінше, жол апаты полицейлердің жеке шаруамен кетіп бара жатқан кезінде болды. Бірақ марқұмдардың туыстары полицейлердің сол кезде жұмыстан Қарағандыдағы үйлеріне қайтып бара жатқанын айтып отыр. Марқұмдардың әрқайсысының үш баласы бар. Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Еске сала кетейік, 6 желтоқсан күні Қарағанды облысында бір полицей жол апатынан қайтыс болған еді. Екі полицей мен еш жерде жұмыс істемейтін тағы үш адам мінген BMW автокөлігі тас жолдан ұшып кетті. "Жедел медициналық жәрдем" облыстық станциясының диспетчерлік қызметінің мәліметінше, апатқа ұшырағандарды ауруханаға жеткізу кезінде облыстық ІІД жол-патруль полициясының батальон қызметкері қайтыс болды. "Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олар: 24 жастағы жүргізуші, облыстық ІІД жол-патруль полициясы батальонының 22 жастағы сержанты және 20 мен 25 жастағы екі қыз", - деп түсіндірді "Жедел медициналық жәрдем" станциясының өкілдері. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай