23 шілде 2015 15:47

Қарағанды облысында қабірден әйелдің мәйіті жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Қарағанды облысында қабірден әйелдің мәйіті жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Қарағанды облысында қабірден әйелдің мәйіті жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілде күні Теміртау қалалық ІІБ Ескі қалалық полиция бөліміне 42 жастағы әйелден арыз түскен. Ол өз арызында әпкесінің қайтыс болғанына тоғыз күнның өтуіне байланысты зират басына барып, әпкесінің қабірі ашық, ал мәйітінің болмай шыққанын полиция қызметкерлеріне хабарлады. Осыған байланысты криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зират басында жұмыс істейтіндердің барлығынан жауап алды. Шамамен екі жарым сағат өткенде бұл іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы тұрақты мекен жайы жоқ азамат ұсталды.

"Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 314-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Ол зират басында жұмыс істейтіндермен келіспей қалғандықтан, олардан кек алу мақсатында осындай іске барғанын мойындады", - делінген хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети