20 мамыр 2014 19:20

Қарағанды облысында қаза болған сарбаздың туыстары суицид нұсқасына сенбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мырзабай Сапарбаев. ©nv.kz/ Мырзабай Сапарбаев. ©nv.kz/

Қазақстандық сарбаз Мырзабай Сапарбаевтың туған-туыстары "оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеген", -  деп отыр. Бұл туралы "Новости Караганды" сайты хабарлады. Еске сала кетейік, №6505 әскери бөлімінде мерзімдік қызметін өтеп жүрген сарбаз Долинка ауылындағы түзету мекемесінде күзетте болғанда Калашников автоматымен өзін-өзі атып тастаған.

"Соңғы уақытта бұл әскери бөлімде өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы үшінші рет тіркеліп отыр. Бұл нені білдіреді? Балалар әскерге сап-сау, жап-жақсы болып кетеді, бірақ оларға онда не істейді?", - дейді қаза болған сарбаздың әпкесі Сандуғаш Ибраева.

Сандуғаш Ибраеваның айтуынша, шынында да Сапарбаев өз-өзіне құл жұмсамас бұрын ақша іздеген. Оның сөзінше, сарбаз өзінің достарына телефонмен хабарласып, 20 мың теңге мен қолға тағатын сағат сұраған. Сонымен бірге ол өзіне қоқан-лоққы көрсететіні туралы ешкімге шағымданбаған. "Ойлап қарасам, егер ол бұл туралы айтқанда, оған бұдан бетер жаман болатын еді", - деп есептейді әпкесі.

"Шын мәнінде ол әскерде қызмет еткісі келді, өйткені оның ағасы да әскерде болған. Ағасынан үлгі алып, әскерде болғысы келетінін айтқан. Қалайша ол өз-өзіне қол жұмсады? Мен мұны әлі күнге дейін жете түсіне алмай тұрмын. Ол көңілді жүретін, көпшіл болатын. Мен оны мұндайға барады деп ойлаған жоқ едім", - дейді әпкесі.

Еске сала кетейік, сарбаз жарты-ақ жыл қызметін өтеген. Осыған ұқсас жағдайда басқа да сарбаздар қаза болған. Осыдан жарты жыл бұрын мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген Бекжан Бауыржанов әскерден қайтуына екі күн қалғанда асылып өлген болатын, ал бір жырым жыл бұрын Александр Зайцев күзетте тұрған жерінде өзін-өзі атып тастаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети