24 тамыз 2014 23:23

Қарағанды облысында мина мен 39 артиллериялық оқ табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысындағы Тоқырау станциясында бұрын Қорғаныс министрлігінің әскери қоймалары орналасқан аумақтан артиллериялық снарядтар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысындағы Тоқырау станциясында бұрын Қорғаныс министрлігінің әскери қоймалары орналасқан аумақтан артиллериялық снарядтар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 23 тамыз күні Балқаш тұрғындары далалықтан 39 артиллериялық оқ пен танкіге қарсы бір минаны тауып алды. Табылған қару-жарақты тот басқан. Әскери бөлімдердің бірінің саперлары снарядтар мен минаны залалсыздандырды.

"№ 89533 әскери бөлімнің бұрынғы аумағы қазір - далалық жер, ол Балқаштан 55 шақырым қашықтықта. Әскери қоймаларда 2001 жылы болған ірі өрттен соң әскери бөлім қоймалардың орналасу орнын ауыстырды, ал бұрынғы аумақ иесіз деп танылды"; - дейді әскери прокуратура өкілдері.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети