14 қараша 2017 22:51

Қарағанды облысында өрттен үш бала мен бір ер адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында өрттен үш бала мен бір ер адам қаза тапты. Олар иіс газына уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қарағанды облысында өрттен үш бала мен бір ер адам қаза тапты. Олар иіс газына уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт Шахтинск маңындағы Долинка ауылындағы бес пәтері бао бірқабатты тұрғын үйден шыққан. Өрт туралы хабар кезекші пультіне 14:12-де түскен. Құтқарушылар дереу шақыртуға барып, пәтерлердің бірінің бөлмелері мен шатыры өртеніп жатқанын анықтаған. 

Жергілікті тұрғындар өртті өз бетімен сөндірмек болған, бірақ онысы еш нәтиже бермеген. Олар өртсөндірушілер келіп жеткенше 2011 және 2015 жылғы екі баланы алып шығып үлгерген. Балалар Долинка ауылындағы ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер олардың қайтыс болғанын анықтаған.

"Оқиға орнында 2014 жылғы бала мен 1954 жылғы ер адамның денелері табылды. Осылайша иіс газынан төрт адам қаза тапты, олардың үшеуі балалар. Өрт шалған аумақ 70 шаршы метр. Өрт 15:16-да сөндірілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Өрт сөндірумен ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару қызметтері айналысты, оның құрамында 15 адам мен 4 дана техника болды. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети