Қарағанды облысында питбуль әйел мен балаға шабуыл жасады

01 Қараша 2018, 15:54
0
Қарағанды облысында питбуль әйел мен балаға шабуыл жасады - © pixabay.com
© pixabay.com

Қарағанды облысында питбуль әйел мен балаға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қарағанды облысы Новодолинский ауылында болған.

19 қазанда кешкі уақытта әйел қолында сәбиімен бірге үйіне қайтып бара жатқан. Сол кезде 62 жастағы көршісі мас күйде питбульмен серуендеп жүрген. Ит қарғы баумен жүрген, бірақ торсыз болған. Әйелдің айтуынша, ол ер адамның "фас" деп айтақтағанын естіген. Осыдан кейін ит әйел мен балаға қарай шабуылдаған.

Содан әйел құлап кетіп, айғайлай бастаған. Көршілері жүгіріп шыққан, олардың ішінде көршісінің ұлы да бар. Содан ит иесі питбульді аулаға қарай жіберген.

29 жастағы келіншек ауыр жарақаттар алып, облыстық клиникада жатыр. Оған екі ота жасалған. Баласы зардап шеккен жоқ. Бірақ зардап шеккен келіншектің күйеуі ит иелерін сотқа берді.

Учаскелік полицейлердің айтуынша, осыған дейін питбульге қатысты көршілерден ешқандай шағым түспеген.

"Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккен тұрғын итті әдейі айдап салғанын айтады, бірақ ер адам олай жасамағанын айтады", - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай