13 шілде 2015 10:51

Қарағанды облысында полицей асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1ul.ru © 1ul.ru

Қарағанды облысында әкімшілік полиция қызметкері асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында әкімшілік полиция қызметкері асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицей Жезқазғанға жақын маңдағы Түгіскен ауылындағы өз үйінде асылып қалған. ІІД хабарлауынша, дерекке сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейдің мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірше белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда аудандық полиция бастығы өлі күйінде табылған болатын. 32 жастағы полиция майорының мәйіті 2014 жылы 27 сәуір күні күндіз Гурьевская көшесінде салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам асылып өлген. Қайтыс болған полицей қара уылдырық түрінде пара алды деп айыпталған болатын. Марқұмның отбасы Индербор елді мекенінде тұрады, оның артында ата-анасы, әйелі мен үш баласы қалды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети