Қарағанды облысының әкімі: Апаттың неден болғанын анықтаймыз

02 Қаңтар 2017, 13:05
0
Қарағанды облысының әкімі: Апаттың неден болғанын анықтаймыз - © Суреттерді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жолдады
© Суреттерді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жолдады

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Шахтинскідегі Шахан ауылындағы төтенше жағдайға байланысты оқиға орнына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол оқиға орнында үйінділерден тазарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Әкімнің айтуынша, құтқарушылар үйінділер астында адамдардың қалған-қалмағанын анықтап жатыр. 

"Жертөлеге дейін үйінділерден тазарту шараларын жүргізу көзделген, онда жылыту жүйесі - қазандық орналасқан. Ол осы үйдің бөлігінің опырылуына себеп болған. Бұл шара сараптама жүргізіп, неліктен болғанын анықтау және осы мәселелерді реттеу мақсатында алдағы апаттардың алдын алу үшін және бюджеттен қаражат бөлу үшін жасалады. (...) Шахан ауылында бірнеше үй автономды жылыту жүйесімен жылытылады. Бұл қазандық тұрғындардың өз иелігінде, үйдің комитетінде, арнайы мамандар қызмет көрсетіп отырған, бірақ неліктен осылай болған анықтайтын боламыз",  - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков. 

Сонымен қатар, әкім аза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін атап өтті. 

"Зардап шеккен отбасылармен жұмыс жүргізіледі, материалдық көмек көрсетіледі, жерлеу рәсімін ұйымдастыруда ат салысамыз. Республика көлеміндегі комиссия құрылатын болады. Біз Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне өз ұсынысымызды жібердік, онда оқиғаның неліктен болған анықтау үшін комиссияға білікті мамандардың қатыстыруын сұрадық", - деді Қарғанды облысының әкімі.  

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай