Қарағанды шахтасында төтенше жағдайдың себебі айтылды

23 Қараша 2016, 15:00
0
Қарағанды шахтасында төтенше жағдайдың себебі айтылды -

Комиссия Қарағандының "Саран" шахтасында болған төтенше жағдайдың неліктен болғанын анықтады. Олардың мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің транспорттың үзіліп кетуіне еш кінәсі жоқ. Бұл жерде жұмыс беруші кінәлі. Қазіргі уақытта 16 адам жұмыстан шеттетілді, олар техника қауіпсіздігі бойынша және басқа да нормалар бойынша емтихан тапсырады, соның ішінде Саран шахтасының директоры Сергей Мустивко, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жұмыс берушінің кінәсі - 100 пайыз, жұмысшылардың кінәсі - 0. Бұл сөзсіз. Біз тиянақты тексеру жүргіздік. Шахта жұмысшыларынан және басқа да мамандардан сұрау алынды. Транспорттық құрылғы өз маршрутымен жүрмеген, ал жұмысшыларға нұсқаулар дұрыс түсіндірілмеген, яғни техника қауіпсіздігі сақталмаған", - деді комиссия мүшесі Нұрбек Құнанбаевтың басшылығымен. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 16 адамды жұмыстан шеттеді соның ішінде Саран шахтасының директоры Сергей Мустивко да бар. Олар техника қауіпсіздігі бойынша және басқа да нормалар бойынша емтихан тапсырады. Сонымен қатар, "АрселорМиттал Теміртау" Еңбек кодексін бұзғаны үшін айыпты, Азаматтық қорғау заңы және қызметтік нұсқауларды арнайы мамандар бекітті. 

Еске салайық, Еске сала кетейік, 10 қарашада Қарағандыдағы "Саран" шахтасында төтенше жағдай болған еді. Үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жолдың үзіліп кетуіне байланысты болуы мүмкін. Ал кейінірек төтенше жағдайдан ауруханаға түскен төртінші шахтердің көз жұмғаны хабарланған болатын.

"АрселорМиттал Темиртау" нұсқасы бойынша, қайтыс болған және зардап шеккен шахтерлер қауіпсіздік техникасын сақтамай техникалық стандарттарға сай келмейтін транспортты қолданған. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қайтыс болғандардың отбасына кіріп жан-жақты көмек көрсетілетінін уәде етті. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекте пікір білдірген болатын. "Келісімге сәйкес, көмір департаментінің өкілдері мен комбинаттағылар қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Мен қаза тапқандардың отбасына шамамен он жылдық жалақаның берілетінін білемін, онымен қоса оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әкімдіктегілер бұл мәселені бақылап отыр. Мен біздің тараптың атынан он күннің ішінде тергеу жұмыстарының жүргізілетінін және оның нәтижелерін ресми түрде хабарлайтынымызға уәде беремін", - деді Жеңіс Қасымбек үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сондай-ақ, министр тергеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысымен арнайы комиссияның құрылғанын айтып өтті. Ол комиссияның құрамында Индустриалды даму комитетінің мамандары, облыстық департамент өкілдері, кәсіпорындағы қауіпсіздік қызметінің өкілдері, "Арселор Миттал Қазақстан" көмір департаментіндегілер мен әкімдіктегілер бар. Сондай-ақ, ІІМ мен прокуратура өкілдерінің қылмыстық іс қозғағаны айтылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай