12 шілде 2018 | 13:11

Қарағанды-Шахтинск тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды-Шахтинск тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты. Біреуі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза болса, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды-Шахтинск тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты. Біреуі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза болса, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол-көлік оқиғасынан 1997 жылғы және 2001 жылғы жасөспірімдер зардап шекті, бір адам кеше оқиға орнында қаза болды. Үшеуі ауруханаға жатқызылды. КамАЗ жүргізушісі көптеген жарақтар алды, бірақ оған медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызылған жоқ. Бүгін санавиациямен мамандар жеткізілді. Зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде аса ауыр жағдайда жатыр, оларға ота жасалды", -деп хабарлады Қарағанды облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Бибігүл Төлегенова.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан Volkswagen Golf жүргізушісі 21 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты, оның 17 жастағы жолаушысы Шахтинск қаласының орталық ауруханасында көз жұмды. Тағы екі жолаушы - 1997 және 2001 жылғы ауруханада түрлі жарақаттармен жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды-Шахтинск тасжолында жантүршігерлік жол апаты болғаны жайлы хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети