03 қыркүйек 2018 16:44

Қарағанды-Теміртау тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қарағанды-Теміртау тасжолында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты болған жерде ұзын-сонар кептеліс болған. 


Қарағанды-Теміртау тасжолында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты болған жерде ұзын-сонар кептеліс болған. 

3 қыркүйекте 13:35-те жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шеккен. Тағы үш адам Теміртау қаласының орталық ауруханасында жатыр. 

"Зардап шеккен үш адам - ер азаматтар. Олардың бірі 18-20 аралығында. Оның миы жабық түрде зақымдалған және ішінен соққы алған. Екінші ер адам 1956 жылғы, оның қабырғасы зақымдалған. Үшіншісі 1984 жылғы ер адамның аяғы сынған. Қазіргі уақытта олардың барлығы қажетті ем қабылдап жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Айжан Иса. 

Сондай-ақ, Айжан Исаның айтуынша, қайтыс болған адамдардың кім екені анықталмаған. 

Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде әсерлерімен бөлісіп жатыр. Олардың айтуынша, көліктер бетпе-бет соқтығысқан.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети