Абай қаласында (Қарағандыдан 30 шақырым жерде) 17 жастағы студент қыз Валерия Морозова жоғалып кетті. Ол үйінен 7 маусымда кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның шешесі Валентина айтып берді.

"Қызым үйден қашып кете бергендіктен полицияның есебінде бар, бұған дейін де кетіп қалған жағдайлары болған, бірақ табылған еді. Ал осы жолы жеке куәлік алғаннан кейін ұшты-күйлі жоғалды. Учаскелік инспектор жоғалған күні-ақ білді. Бірнеше күн бойы оралар деп үміттендік, бірақ жоғалып кетті. Кеше құқық қорғау органдарына хабар бердік, іздестіруі үшін", - дейді әйел.
Айтуынша, Валерия бір жігітпен кездесіп жүріп, кейде онымен бірге кетіп қалатын болған. Ал қазір жігіт басқа бір қызбен көңіл қосқан, сондықтан қыздың қайда кеткені белгісіз қалып отыр.
"Қарағандыдағы колледжде бірінші курсты тәмамдады. Полицейлер оның құрбылары мен таныстарынан жауап алды", - деді Валентина.
Студент қыз қара тігісі бар ақшыл джинс шалбар, қара торлы қызыл көйлек және кроссовка киген.