18 қыркүйек 2014 18:12

Қарағандыда 3-сынып оқушысын сабаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алшынбай мен оның анасы. ©nv.kz Алшынбай мен оның анасы. ©nv.kz

Қарағандыда бір ер адам 3-сынып оқушысын басқа балалардың көз алдында сабап тастады, - деп хабарлайды "Новый вестник". Оқушының анасы полицияға шағымданды.


Қарағандыда бір ер адам 3-сынып оқушысын басқа балалардың көз алдында сабап тастады, - деп хабарлайды "Новый вестник". Оқушының анасы полицияға шағымданды.

Алшынбай Біләловтің анасының айтуынша, 34 жастағы ер адам өзінің ұлына тиіскен баланы сабамақ болып, мектепке әдейі келген. "Ұлым мектептен шығып келе жатқанда сыныптасы оны итеріп жіберген, ол барып басқа баланы қағып кетті. Әлгі бала жылап, әкесіне шағымданған. Әкесі 13.30 шамасында мектепке келіп, директорды да, мұғалімді де шақырмай, ұлымды футбол алаңына алып шығып, дымын қалдырмай сабаған. Баламды қылғындырған, тепкен. Бұл кезде мектепте бәрі болған - мұғалімдер де, басшылар да, вахтерлер де, тазалаушылар да. Бұл жағдайды оқушылардың бәрі көрген, бірақ ешкім араша түспеген", - дейді оқушының анасы.

Баланың айтуынша, ер адам мұны сабап жатқан кезде футбол алаңында жоғарғы сынып оқушылары болған. Бірақ ешкім баланы қорғай алмаған. Оқиғадан кейін ер адамды полиция ұстады.

"Неге ол директорға барып, не мені шақырып, дұрыстап сөйлеспейді? Оның баланы өлтіріп тастауы да мүмкін ғой. Демек, кез келген адам мектепке келіп, біреудің баласын ұрып тастай береді деген сөз бе? Мұндай жағдайды өзге ата-аналар да біліп жүруі тиіс", - дейді әйел.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі Қарағанды мектебіндегі оқиға бойынша "Денсаулыққа орта деңгейде қасақана нұқсан келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полицейлер күдіктінің ұсталғанын растады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың көктемінде бұрынғы "Северная" шахтасының аумағынан 9-сынып оқушысы Денис Зелепухиннің мәйіті табылған еді. Оны жеті жігіт "сөз тасығаны" үшін өлтіруі мүмкін деген жорамал жасалды. Күдіктілердің бәрі полицияның есебінде ұрлығы үшін тіркеуде тұрған болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети