22 желтоқсан 2016 11:34

Қарағандыда 30 жастағы ер адам 10 күннен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Мұқышев Самат Мұқышев

Қарағанды облысында 30 жастағы Самат Мұқышев із-түссіз жоғалып кетті. Ер адамның туыстары полицейлерге арыз жазды, бірақ осы күнге дейін оның қайда жүргені жайлы еш мәлімет жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында 30 жастағы Самат Мұқышев із-түссіз жоғалып кетті. Ер адамның туыстары полицейлерге арыз жазды, бірақ осы күнге дейін оның қайда жүргені жайлы еш мәлімет жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туыстарының айтуынша, Самат 10 желтоқсанда үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Самат Мұқышев Абай ауданындағы Құлайғыр ауылында тұрады. "Біз тек оның 11 желтоқсанда достарымен бірге Абайдағы "Визит" дәмханасында болғанын білеміз. Бірақ кенеттен Самат сырт киімсіз далаға қарай жүгіріп кеткен екен. Содан қайтып келмеді. Ол ешқашан да осылай кетіп қалған емес", - дейді жоғалып кеткен Саматтың туыстары.

Қарағанды облысының ІІД өкілдері Самат Мұқышевті іздестіруге бағыттамалар таратты. Оның белгілері: бойы 175 сантиметр, орта салмақты, шашы қысқа, жұқа ерін. Үстінде көк түсті кофта, көк түсті джинс пен қара түсті бәтеңке болған.

Іздестіріліп жатқан ер адам жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8-72131-4-46-66, 8-72131-4-34-49, 8-702-758-31-85. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети