12 маусым 2017 12:56

Қарағандыда асқан жылдамдықпен көлікті соққан байкердің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қарағандыда асқан жылдамдықпен көлікті соққан байкердің видеосы пайда болды. Жол-көлік оқиғасы 11 маусымда Қарағандының Гудермес және Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Соққының салдарынан мотоциклші бірнеше метрге ұшып кеткен, ал автокөлік тоқсан градусқа бұрылып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жантүршігерлік жол апатының видеосы Instagram желісінде жарияланды. Видеода қатты соққының салдарынан мотоциклшінің бірнеше метрге ұшып кеткен сәті түсірілген. Апат кезінде байкердің шлемі ұшып кетіп, ал мотоцикл шашылып түскен. Автокөліктің бір жағы қатты бүлінген. Тағы бір видеода байкердің өзі түскен. 

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мотоциклші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. 

"Зардап шегуші Облыстық медициналық орталықта жатыр. Ол жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Оның көптеген жарақаты бар: миы зақымданған, жамбасы сынған, басқа да жарақаттар мен сырылған жері көп. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - деді Айжан Иса. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты кейінірек мәлімдеме жасалатынын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети