20 шілде 2017 11:42

Қарағандыда автобус жүргізушілерінің қан жоса төбелесі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыда куәгерлер 29-шы бағыттағы автобус жүргізушілерінің төбелесін видеоға түсіріп алды. Оқиға қаланың орталығында, "Боулинг"аялдамасының маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда куәгерлер 29-шы бағыттағы автобус жүргізушілерінің төбелесін видеоға түсіріп алды. Оқиға қаланың орталығында, "Боулинг"аялдамасының маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

@shok_krg паблигіндегі видеода автордың сөздері де бар: "Екі 29-шы маршрут бірдей келді. Қанжоса болғанша төбелесті. Бәрінен бұрын кондукторлар ажыратудың орнына төбелеске араласып жүргені таңдандырады! Полиция шақырыңдар дегеннен кейін ғана ажырата бастады. Бұл не сұмдық?! Өзім Қостанайданмын. Мұндай оқиғаны алғаш көріп отырмын, осы Қарағандыдан, автобус жүргізушілерінің "Формула 1" ұйымдастырып, жарысқанын". 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицияға арыз түспегенін айтады. 

"Олар төбелескен соң бірден кетіп қалған сияқты. Басқа адамдар да хабарласпады. Бұл видео қарауға алынып, төбелеске қатыстылардың барлығын ұстауға бағытталған шаралар іске асырылады", - дейді ведомство өкілдері. 

"Экспресс и А" ЖШС-ның тасымалдаушысы да болған жайтты анықтап жатыр. 

"Бұл туралы түнде айтты. Ненің қалай болғанын әзір айта алмаймын. Жұмыстың жүйкені шаршататындығында болар, кептеліс, жолаушылар дөрекі болып қалады. Жұмыс ауыр. Бұл біздің ғана емес, басқа бағыттарда да болып жатады. Бұл жағдайда қатысты адамдарға шара қолданылады", - дейді компания директоры Анатолий Закевич.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети