21 қыркүйек 2016 10:56

Қарағандыда автобус жүргізушісі бейәдеп қылығы үшін сыйақыдан қағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағандыда маршруттық автобустың жүргізушісі жолаушыға қол шығарғаны үшін сыйақыдан айырылады. Сонымен қатар, жүргізушіге сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктегі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидуллаға сілтеме жасап.


Қарағандыда маршруттық автобустың жүргізушісі жолаушыға қол шығарғаны үшін сыйақыдан айырылады. Сонымен қатар, жүргізушіге сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктегі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидуллаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, №02 маршруттың жүргізушісіне сөгістің жариялану себебі бар. Оның теріс қылығы жайлы Tengrinews.kz редакциясына қарағандылық тұрғын Ақжан Исатаева хабарлады. 

Ақжан Исатаеваның айтуынша, №02 маршруттың жүргізушісі мен кондукторы оған көргенсіздік қылық танытқан. 

"Мен кешке "Луговая" аялдамасында тұрдым. Емханадан қайтып бара жатқанмын. Аялдамаға №02 автобус келіп тоқтады. Тоқтағаны енді еді, қайта жүре бастады... Енді ғана автобусқа кіріп жатыр едім, ол жүре бастады. Жүргізуші мені көріп тұрса да, есіктерді жауып алды. Мен екі ортада қысылып қалдым. Содан мен оған автобус есіктерін ашуын сұрадым, алайда ол ешқандай жауап қатпады. Кондуктор да осыны көріп-біліп отырды. Сөйтіп мен біраз жүрген соң салонның ішіне кіре алдым. Маған кондуктор қыз келіп жақындады. Содан мен оған "мұны қалай түсінуге болады?" деп сұрадым. Бірақ ол маған ештеңе демеді. Сөйтіп мен "45 квартал" деген аялдамадан түстім. Автобустың нөмірі мен жүргізушіні суретке түсіріп алғым келді. Оларға ештеңе демей, суретке түсіріп алдым. Ол болса маған қол шығарды", - деді жолаушы болған оқиға жайлы. Сондай-ақ, жолаушы болған оқиғадан соң аяғында ісік пайда болғанын айтты.
 
Айта кетейік, қалалық әкімдіктегілер жүргізушінің жазаланатынын айтты.
"Біз бұл туралы білеміз. Жүргізуші өз кінәсін мойындап отыр. Ол жолаушының автобуста қысылып қалғанын мойындады. Ал қол шығару себебін ол жолаушының ұрсысып, дөрекі сөздер айтқанымен түсіндіріп отыр. Енді ол сыйақысынан айырылып, сөгіс алады", - деді  қалалық әкімдіктегі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидулла.
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети