18 мамыр 2018 16:11

Қарағандыда балабақшадан өрт шықты: 130-ға жуық бала эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/shock_krg/ © instagram.com/shock_krg/

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері мен әкімшілігі балабақшадан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілер келгенге дейін 129 баланы эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері мен әкімшілігі балабақшадан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілер келгенге дейін 129 баланы эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, өрт аумағы - 5 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

"Өрттің жалпы аумағы - 5 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 адам мен 25 дана техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Балабақша өкілдері балалардың эвакуацияланғаны жайлы мәліметті растады.  "Дарынды бала" балабақшасының жетекшісі Айнагүл Хамитованың айтуынша, өрт балалар отыратын жерде емес, бассейн маңында болған.

"Балабақшада бассейн бар. Қасында сауна бар. Біздің тәрбиешілер сауна жақта түтін шыққанын көріп, бірден әрекет ете бастады. Олар нақты ненің өртеніп жатқанын анықтамай, бірден 129 баланы эвакуациялай бастады. Бүгін балабақша жұмыс істеп жатқан жоқ. Жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз. Өрттің себебін әзірше білмейміз. Анықтайтын боламыз", - деді балабақша жетекшісі Айнагүл Хамитова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, балабақша 2016 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Өрт қауіпсіздігі бойынша тексерістен соңғы рет сол жылы өткен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети