1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қарағандыда белгісіз біреулер көлікке оқ атқан29 қазан 2019, 14:33

Қарағандыда белгісіз біреулер көлікке оқ атқан. Бүлінген автокөліктің видеосы әлеуметтік желіде таралды. Полиция атқышты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео авторы көлігіне травматикалыққ қарудан оқ атылғанын айтады. Ол осы кезде Чкалов көшесінен Бұқар жырау даңғылына қарай баяу кетіп бара жатқан. Ату салдарынан терезесін сындырған резеңке оқ көліктің сол жақ бөлігіндегі есікке тұрып қалған. 

"Терезе түгелдей шытынап кетті. Енді оны алмастыру қажет. Осы мәселегі биліктің назар аударуын сұраймын", - деді көлік иесі. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері автокөлік иесінің құқық қорғау органдарына келіп арыз бермегенін айтады. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғап, атқышты іздестіріп жатыр.