10 желтоқсан 2016 00:56

Қарағандыда бес қабатты үйдің шатыры желден ұшып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куігер жіберген сурет Куігер жіберген сурет

9 желтоқсанда Қарағандының "Сортировка" ауданында боранды жел бес қабатты үйдің шатырын ағаштарымен бірге жұлып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


9 желтоқсанда Қарағандының "Сортировка" ауданында боранды жел бес қабатты үйдің шатырын ағаштарымен бірге жұлып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қатты жел соқты, таңы уақытта басталып түс кезінде аяқталды. Бірінші видеода шатырдың жұлынып кеткен кезі түсірілген, ал екінші видеода - жел бәсеңдей түскен. Шатырдың қалдықтары үйдің алдында да артында да шашылып жатыр", - деді оқиғаның куәгері. 

Ер адамның айтуынша, Қатты соққан жел Жаңа жыл қарсаңында біраз отбасының баспаснасын шатырсыз қалдырған. "Жергілікті қызметтер әзірге ештеңе істеген жоқ. Сенбі жексенбі күндері де бірдеме істей қояды деп ойламаймын", - деді көрші үйдің тұрғыны. 

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында, шатырдың құлаған уақытында ешкімнің зардап шекпегенін айтады. "Осы оқиға Жекебаев көшесінің № 129 үйінде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сегіз кіре берісі бар үйдің шатыры қатты желдің әсерінен ұшып кеткен. Ұшып кеткен шатырдың жалпы мөлшері 300 шаршы метрді құрайды. Жалпы аумағы 1200 шаршы метр. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағы шатырдың құлаған жерлерін тазартуға ат салысты", - деді ведомстводағылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети