13 желтоқсан 2016 21:12

Қарағандыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушысын 300 рет отырып-тұруға мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы мектептердің бірінде шу шықты. №79 мектептің 7-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін тізе буындарының созылып, аяғының ісіп кеткенін дәлелдеп бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыдағы мектептердің бірінде шу шықты. №79 мектептің 7-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін тізе буындарының созылып, аяғының ісіп кеткенін дәлелдеп бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оны 300 рет отырып-тұруға мәжбүрлеген. Вероника Вундердің ата-анасы қызының мұғалімнің қатыгездігінен зардап шеккенін айтып отыр. Дене шынықтыру пәнінің мұғалім қызды сабаққа спорт киімін алып келуге ұмытып кеткендіктен, оны 300 рет отырып-тұруға мәжбүрлеген екен. Содан жазаланған қыздың тізе буындары созылып, ісіктер пайда болған. Қыздың әкесі болса, білім бөлімі мен полицейлерге арыз жазған.

"Бұл оқиға 5 желтоқсанда дене шынықтыру сабағында болды. Вероника сол күні спорт киімін ұмытып кеткенін айтты. Ал мұғалім болса, Вероника 30 рет отырып-тұрмаса, екі қоямын деп қорқытқан. Әрине, бұл менің ашуыма тиді. Мен өзім ауыр атлетикамен айналысқанмын, бірақ маған ешқашан мұндай ауыр жаттығуларды жасатқызбайтын", - деді қыздың әкесі Артур Вундер.

Верониканың айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі осыған дейін де басқа оқушыларды осылай жазалап келген. Бірақ 7-сынып оқушысының 100 рет отырып-тұруға шамасы жеткен.

"Менің аяғым ауыра бастады. Сол күні сабақтан кейін еш жерім ауырған жоқ болатын, бірақ келесі күні аяғым қатты ауыра бастады. Үшінші күні мектепке әрең дегенде келдім. Мектептен кейін көз жасымды жасыра алмадым. Әкем мені ауруханаға апарды", - дейді мектеп оқушысы. Содан мамандар қызға тізе буындарының созылуы деген диагноз қойған. Кейін қыздың ата-анасы полицейлер мен білім бөліміндегілерге арыз жазып, қыздарын сот-медициналық сараптамаға апарған. Айта кетейік, толтырылған соңғы ведомствода қызға қойылған диагноз расталған.

Білім бөліміндегілер Вундерлердің жазған арызын қарап шыққанын айтты. Бас маманның айтуынша, қызды ешкім де мәжбүрлемеген. Оқушы екі деген бағаны алмау үшін өз еркімен осы жаттығуларды жасаған. Ал қыз шағымданған мұғалім өз еркімен жұмысынан кетті. "Ол мұғалімге басқа оқушылардан шағым түскен жоқ. Ол адал педагог болды. Біздің білуімізше, ол Верониканы 300 рет отырып-тұруға мәжбүрлемеген",- деді білім бөліміндегілер.

Сонымен қатар, білім бөлімінлегілер қыздың бұл шағымын арнайы комиссияның қарап жатқанын айтты. Вундерлердің отбасына жазбаша түрдегі жауап 15 күн ішінде келеді екен. Бірақ енді мұғалімді жазалау мүмкін болмай тұр, себебі ол бұл мектептен шығып кеткен.


Сурет: Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети