10 қазан 2016 10:57

Қарағандыда екі апта бұрын жоғалған қыздың өлігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құндыз Бекеева Құндыз Бекеева

Қарағандыда екі апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 25 жастағы Құндыз Бекеева асылған күйі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның жақын құрбысы хабарлады.


Қарағандыда екі апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 25 жастағы Құндыз Бекеева асылған күйі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның жақын құрбысы хабарлады.

"Құндыздың мәйіті өзі тұрып жатқан үйдің маңынан, көлікжайлардың артынан табылды. Біреу оның мәйітін көріп, бірден полицияға хабарласқан. Сарапшылардың айтуынша, мәйіт 10 күн бойы далада ілініп тұрған. Қыздың туыстары әзірше келмеді. Бірақ олар бұл жайлы біледі. Құндыздың туыстары оны туған жері Павлодарда жерлейтін болды", - деді өлігі табылған қыздың құрбысы.

Құндыз атасымен және екі ағасымен бірге Майқұдықтағы 18-ықшамауданда тұрған. Туыстарының айтуынша, Құндыз таңертең тұрып, киініп, шығып кеткен. Бұл 27 қыркүйекте шамамен сағат 11.00-де болған. Құндыз ақ күрте мен сары сөмкесін алып кеткен.

"Құндыздың ішінде ақшасы мен құжаттары бар әмиянының үйден табылғаны қызық болып тұр", - дейді жоғалып кеткен қарағандылық қыздың құрбысы Айнұр Олейникова.

Айта кетейік, Құндыздың ата-анасы Павлодар облысында тұрады. Олар қызын іздестіру жұмыстарына қосылып, барлық туысы мен танысынан сұрап, іздестірген. Алайда ол еш нәтиже бермеген. Ал құрбысы Айнұр жоғалып кеткен қызбен бірге бір мектепте оқыған екен. Оқу орнын аяқтаған соң, олар жақсы қарым-қатынаста болған. Таяуда ғана олар бірге қыдырып, қалада серуендепті.

"Ол жақында өзінің Абайда тұратын әпкесіне барайын деп жатқанын айтқан еді. Алайда ол туыстарына сол күйі бармаған. Сол күні ол қуанышты болып жүрген еді. Мен оның уайымдап жүргенін байқаған емеспін", - деді құрбысы.

Қарағанды облысының ІІД өкілдері әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік бермеді. Сондықтан да қыздың өз-өзіне неліктен қол жұмсағаны белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети