Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қарағандыда жас қыз көпірден секірмекші болды

06 Сәуір 2015, 17:02
0
© sb.by
© sb.by

Қарағандыда жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала орталығындағы көпірден секірмекші болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні Қарағанды қаласы ІІБ Жедел басқару орталығына, Гоголь көшесіндегі көпірден секіруге әрекеттенген жас қызды байқап қалған куәгерлер хабарласқан. Оқиға орнына дереу аттанған жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көпірдің жиегінде тұрған жас қызды құтқарып қалу үшін шұғыл әрекетке кірісті.

"Полиция қызметкерлері жақындаған кезде өз өмірімен қоштасуға әрекеттенген жас қыз көпірдің темір қоршауынан шығып, бірнеше метр төменде жатқан пойыз рельстеріне құлап кету қаупін туғызған. Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қадырбай Ешпаев пен Руслан Нұрмұханов ажалына асыққан 33 жастағы қала тұрғынын мас күйінде көпірден түсіріп, дәрігерлерге тапсырды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда бесінші қабаттан секіріп кеткен әйелдің аман қалғаны туралы хабарланған болатын. 23 жастағы әйел жолдасымен жанжалдасып қалғаннан кейін осындай әрекетке барған. Өз-өзіне қол салмақшы болған әйелдің бірнеше жері сынып, жараланды.



 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай