Қарағандыда жоғалған қыздардың бірі табылды. 13 жастағы Диана Нарманбаеваның тірі әрі аман екені әрі үйге оралғаны жайлы мәліметті оның шешесі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда жоғалған қыздардың бірі табылды. 13 жастағы Диана Нарманбаеваның тірі әрі аман екені әрі үйге оралғаны жайлы мәліметті оның шешесі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Диана табылды! Аман-сау! Бұл ең бастысы. Сөйтсек, 11 мамырда ол құрбысының үйінде қалып қойып, мені ұрысады деп қорыққандықтан оралмапты. Қорқыққандықтан үйге оралмаған шығар", - дейді Алтынай Нарманбаева.
Ал қалған екі қызға қатысты әзірше мәлімет жоқ. Полициядағылар қыздардың әлі табылмағанын айтып отыр.
Еске салайық, кеше үш қыздың жоғалып кеткені жайлы мәлімет тараған болатын.
Апалы-сіңлілі Елдана Исламшейх пен Ботагөз Қайырбаева - cтудент қыздар. Жастары 15-те және 17-де. 8 мамырда қыздар танысының туған күніне кеткен, одан кейін қыздарды ешкім көрмеген. Бізге қыздардың туыстары полицияға өтініш жазды. Осымен үшінші күн іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Телефондары сөндірулі, әлеуметтік желілерде отырған жоқ.