Қарағандыда қоқыс контейнерінен өлі сәби табылды

25 Ақпан 2015, 18:26
0
©Grani.lv
©Grani.lv

Қарағандыда қоқыс контейнерінде өлі сәби табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шарананың денесін сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан үйдің тұрғындары көріп қалған.

"Біздің көршіміз қоқысты тастап жатқанда беті ашық қапшықтың ішінде сәбидің денесін көріп қалды. Ол сол уақытта полицияға хабар берді", - деді оқиға куәгерлері. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары әйелден жауап алды. Сәбидің денесі мәйітханаға жіберілді, онда мамандар бала өлімінің себебін анықтайды. Оңтүстік-Шығыс аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері сәбидің анасын іздестіріп жатыр. 

"Қазіргі уақытта біз осы аумақта мерзімі жетіп отырған жүкті әйелдер жайлы мәліметтерді сұрастыра бастадық. Егер сараптама қорытындысы баланың аурудан емес, контейнерде суықтап қалғаннан немесе жарақат салдарынан қаза болғанын анықтаса, анасын қ ылмыстық жауапкершілікке тартамыз", - деді полиция өкілдері. 

Осыған дейін Қарағандыдағы "Шығыс" орталық базарында өлі сәби табылған болатын. Оны осы аумақтағы тұрғындар тауып алып, полицияға хабар берген. Сәби жол бойында үй қоршауларына жақын жерде жатқан. Куәгерлердің айтуынша, сәбидің денесін ит-мысық талап тастаған. Бала табылған жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, денені мәйітханаға алып кетті. 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай