ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2019 | 10:47
Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды
Қарағанды облысында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі - балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген.
"Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі - балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.
Показать комментарии
Читайте также