06 қазан 2016 10:44

Қарағандыда көпірде болған жантүршігерлік жол апаты екі жүргізушінің өмірін қиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ekaraganda.kz © ekaraganda.kz

Қарағандыдағы көпірде болған жантүршігерлік жол апаты екі жүргізушінің өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 5 тамызда түн ортасында қаладағы көшелердің бірінде болған. Екі жүргізуші де жансақтау бөлімінде көз жұмған.


Қарағандыдағы көпірде болған жантүршігерлік жол апаты екі жүргізушінің өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 5 тамызда түн ортасында қаладағы көшелердің бірінде болған. Екі жүргізуші де жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Облыстық ІІД мәліметінше,  Mercedes-Benz көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Молоков көшесінен Ермеков көшесіне қарай бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mazda көлігімен соғысқан. Ал Mazda көлігінің 52 жастағы жүргізушісінің Қарағанды қаласының тұрғыны екені анықталды. Салдарынан екі ер адам облыстық медициналық орталыққа түрлі жарақаттарымен жеткізілді. Көліктер де қатты бүлінген.

"Mercedes-Benz пен Mazdа көліктерінің қатысумен болған жол апатына қатысты  ҚР Қылмыстық Кодексінің 345- бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуысотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Ал денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер көлік жүргізушілерінің ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілгенін хабарлады. Өкінішке қарай, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

"Ауруханаға жеткізілгендердің бірі 1987 жылғы азамат болды. Екіншісі - 1964 жылғы азамат. Екеуі де облыстық медициналық орталыққа ауыр жағдайда жеткізілді. Екеуінде түрлі ауыр жарақаттар болды. Олар бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер қолдан келгенін жасады. Алайда оларды аман алып қала алмады", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети