Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны күйеуін өлтіруге оқталғаны үшін 11 жылға, ал оның көңілдесі - 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны күйеуін өлтіруге оқталғаны үшін 11 жылға, ал оның көңілдесі - 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық іс Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылға ауданаралық сотында қаралды. Сот отырысындағы деректер бойынша, күдікті әйел балабақшада тәрбиелеуші болып қызмет еткен. Күйеуін өлтіруге тапсырыс беру үшін ол отбасылық сейфтен сегіз мың доллар алған. Судья күдікті әйелді 11 жыл үш айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді. Оның көңілдесі, бұрындары сотталған ер адамға 15 жыл берілді және ол шартты түрде мерзімінен бұрын шыққанына байланысты өтелмеген мерзімін де өтейтін болады. Жалпы 16 жыл өмірін қауіпсіздік деңгейі ең жоғары колонияда өткізеді.
Сонымен қатар, жәбірленуші (күдіктінің күйеуі) сотталушылардан сегіз мың долларды қайтаруды және төрт миллион теңге материалдық залалды өтеуін талап етті. Азаматтық арызды судья қараусыз қалдырды, себебі бұл арыз азаматты-процессуалдық сотта қарастырылуы керек.
Еске салайық, бұл қылмыстық іс 2011 жылы "SMS-танысудан" басталған. Күдікті әйел теледидардан "SMS-танысу" рубрикасын көріп, сотталушымен жазыса бастаған. Ол бірнеше рет түрмеге барып, сотталушымен кездескен. Осылайша ол күйеуінен құтылуды ойластырады. Бұл қызмет үшін ол сегіз мың АҚШ доллар төлеген. Осы қылмысты орындауға Ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының қызметкері киллердің рөлін атқарған. Биылғы жылдың 24 мамырында ер адамның өлімін қолдан жасап, суретке түсіріп әйелге берген. Айырбас болғаннан кейін, әйел адам қамауға алынған.