04 қазан 2016 | 15:30

Қарағандыда мас күйінде қымбат көлікті айдап әкеткен адамды ұстау шарасы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Қарағанды полицейлері қымбат шетелдік автоны айдап әкеткен адамды ізін суытпай ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұстау шаралары қаланың адамдар мен көлік қозғалысы көп жерде болғандықтан, оқиғаның фотолары мен видеолары әлеуметтік желіде тез тараған.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды полицейлері қымбат шетелдік автоны айдап әкеткен адамды ізін суытпай ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұстау шаралары қаланың адамдар мен көлік қозғалысы көп жерде болғандықтан, оқиғаның фотолары мен видеолары әлеуметтік желіде тез тараған.

Облыстық ІІД-ның баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, 3 қазанда полицияға ер адам хабарласып, өзінің Mercedes-Benz маркалы көлігінің ұрланғанын хабарлаған. Бағыттама барлық патрульдік көлікке хабарланған. "Орталық жедел әрекет ету басқармасы 10 минуттың ішінде көліктің қайда екенін анықтап, экипаждарға хабарлаған. Полицейлер оның артынан қуған, сол уақыттың ішінде бұзақы екі көлікті соққан. Қымбат автоны Шахтерлер даңғылының бойынан ұстаған. Көлікті ұрлаған адам Қарағандылық 30 жастағы тұрғыны болып шыққан, - деді ұрының мас күйінде болғанын айтқан Құдияров. 

Бүлінген көлікті иесіне қайтарып берді. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, ұсталған адам уақытша қамау изоляторына жабылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети