Қарағандыда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағандыда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 12 мамырда түнгі уақытта Бульвар-Мир көшесінде болған. Үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына бірнеше минуттан соң келген. Екі пәтерден адамдарды эвакуациялау кезінде үш адамның мәйіті табылған. Олар улы газға тұншығып қайтыс болған. Қайтыс болғандардың екеуі ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Үшінші адамның жасы 22-де. Тағы екі адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілген.
"Өрт сөндіру қызметінің мамандары 16 адамды құтқарды, оның алтауы балалар және 19 адамды эвакуациялаған. Өрт 01.52-де ауыздықталды, ал 02.42-де толығымен сөндірілді", - дейді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Өрттің неден шыққаны белгісіз. Қазіргі уақытта тұрғындар үйіне қайтып оралды.