Қарағандыда пәтерлердің бірінде өрт шығып, екі бала қайтыс болды

19 Қаңтар 2017, 17:21
0
Қарағандыда пәтерлердің бірінде өрт шығып, екі бала қайтыс болды - © ТЖД
© ТЖД

Қарағандыда өрт кезінде екі бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға Майқұдықтағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған. Өрт жайлы хабар түскі уақытта келген. Оқиға орнына келген құтқарушылар пәтерден газдан уланған екі баланы тапқан. Тағы бір қыз ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрт 18 ықшамаудандағы № 18 үйде болған. Бұл бесқабатты үй. 3-ші қабаттағы төрт бөлмелі пәтерде жиһаз бен заттар өртенген. Өрт 10 шаршы метрді қамтыған", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, өрттің шығуының алдын ала себебі -  бүлінген электр құралдары.

"Өрттің салдарынан 2008 және 2015 жылғы балалар газдан уланып, қайтыс болды. Сондай-ақ, 1994 жылғы қыз ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен 4 дана техника жұмылды", - деді ведомстводағылар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай