23 қаңтар 2017 12:04

Қарағандыда ірі жол апатынан төрт адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ірі жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік апатын тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен 41 жастағы жүргізуші жасаған. Салдарынан оның көлігі екі автомобильмен соғысып, төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы №20 шахта ауданында болған. Апат салдары видеоға түсірілді. Кадрлардан бүлінген үш көлікті көруге болады. Куәгерлердің мәліметінше, ірі жол апатынан жолда кептеліс пайда болған.

Ал облыстық ІІД өкілдері жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сараптамалардың тағайындалғанын хабарлады.

"Бүгін 8.15-те Mazda маркалы көліктің 41 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, сөйтіп, Hyundai Elantra көлігімен соғысқан. Сонымен қатар, жанамалай Toyota Avensis көлігін соққан. Апат салдарынан төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді, біреуі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети