10 шілде 2015 16:01

Қарағандыда салынып жатқан сауда үйі құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fireman.kz © fireman.kz

Қарағандыда "Алтын Арба" базарының аумағында салынып жатқан сауда үйі құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 10 шілде күні сағат 12.55-те болды.


Қарағандыда "Алтын Арба" базарының аумағында салынып жатқан сауда үйі құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 10 шілде күні сағат 12.55-те болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 450 шаршы метр аумақты алатын металл шыбықпен арматураланған ағаш жабындар құлады. "Оқиға салдарынан "Атлант Билдинг" ЖШС-ның бетоншысы, 1981 жылы туылған азамат жарақат алып, облыстық медициналық орталыққа жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Ғимарат құлаған орынға Жедел-құтқару отряды ММ-дан 3 адам мен 1 техника, Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары ММ-дан 10 адам мен 2 техника жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылордада салынып бітпеген бес қабатты үй құлаған болатын. Оқиға 24 наурызда 17.20-да Шүкіров көшесінде болды. Төтенше жағдай кезінде құрылысқа он адам жұмылдырылған болатын, оның біреуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Біріншісі қалалық ауруханаға жеткізілсе, екіншісі ауруларды қабылдау бөлмесінде қаралғаннан кейін үйіне жіберілді. Мамандар іргетасының қаланған жері ашылып кеткендіктен, бетон қабырғалардың құрылыстың ішіне қарай құлай бастағанын айтты. Нысанның құрылысы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети