05 шілде 2017 08:13

Қарағандыда танымал асаба жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ekaraganda.kz © ekaraganda.kz

Қарағандыда 37 жасында қаладағы ең танымал жүргізуші әрі асабалардың бірі Донской деген лақап атты қолданатын Дмитрий Жученко қаза тапты. 18 маусымда жантүршігерлік жол апатына түскен ол 16 күн бойы өз өмірі үшін жансақтау бөлімінде күресті, - деп хабарлайды eKaraganda.kz.

Оқиға болған күні Дмитрий мен "Рубин" мейрамханасының диджейі Анзур Бораншинов Қарағандыға жақын маңдағы бір ауылға банкетке бара жатқан.Қаладан 30 шақырым асқанда, қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктің дөңгелегі жарылған. Автомобиль жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылған. Диджей оқиға орнында қаза тапқан. Дмитрий мен жүргізушіні ауруханаға ауыр халде жеткізген. 

Дәрігерлер оны жасанды өкпе желдету аппаратына жалғаған. Оның бас-сүйек миы зақымданған, қабырғасы сынған, ол өздігінен демала алмайтын. Екі апта өткеннен соң ер адам қаза тапты. 

Дмитрийдің әйелі мен екі баласы қалды.

Дмитрий Донской. © makarova.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети