10 қаңтар 2017 12:13

Қарағандыда телефонына қарап тұрған жасөспірімді автобус қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда автобус жасөспірімді қағып кетті. Оқиға Сортировка ықшамауданында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала жолдың жаяу жүргіншіге өтуге рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған, осы кезде автобус жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Осы оқиғаның куәгері болған адамдар видеосын жіберген. Кадрларда жасөспірім қар үстінде жатыр. Соған қарағанда, ол есінен танып қалған. Баланың жанында біраз адам жиналған. Ер адамдардың бірі баланы оң жаққа қаратып жатқызып жатыр. Оның қасында кондуктордың формасын киген қыз тұр. 

Зардап шеккен балаға медициналық көмек көрсетілген. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі де дер кезінде жеткен. Жасөспірім ауыр жарақат алмаған.  

"Біз бұл оқиға туралы хабардармыз. Біздің білуімізше, жасөспірім жолдың жаяу жүргіншіге өтуге рұқсат етілмеген жерінен жүріп, жол апатының болуына себепкер болған. Ол жолда жүріп, телефонына қарап келе жатқан, ал жақындап қалғанда жүгіріп өтпекші болған. Әрине, жүргізуші үлгере алмаған, ол тежегішті басқанымен баланы бәрібір жанап өткен. Соққы қатты болмасада, бала есінен танып қалған. Осы бәлкім оның дене мүшесінің бір жері сынудан аман қалған", - қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі секторының басшысы Ескендір Қабидулла.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети