23 тамыз 2018 09:24

Қарағандыда теміржолда ток ұрған бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жаңа Қарағанды" станциясында ток ұрған бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Жаңа Қарағанды" станциясында ток ұрған бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бала Хафиз Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына ауыр халде жеткізілді. Денесі күйік шалып, өз бетінше демала алмады. Дәрігерлер қолынан келгеннің барлығын жасады. Амал не, зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, баланың ата-анасы болған оқиға жайлы білетіні анықталды. 

Еске сала кетейік, бала жүк вагонына отырғаннан кейін ток ұрған. Оның денесінің 80 пайызы күйік шалып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Ұл бала 9-10 жас аралығында екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети