26 ақпан 2018 | 09:30

Қарағандыда тіс дәрігеріне қаралған бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы емханалардың бірінде екі жасар бала тамырға салынатын анестезиядан қайтыс болды, - деп хабарлайды ekaraganda.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы емханалардың бірінде екі жасар бала тамырға салынатын анестезиядан қайтыс болды, - деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Қайғы жұтқан отбасының танысы өзінің де, баланың ата-анасы да Ресей азаматы екенін, ал оқиғаның 22 ақпанда болғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, сол күні Семеннің ата-анасы оны жеке тіс дәрігеріне апарған. Ата-ана емханада екі құжатқа қол қойған, олардың бірі науқастың анестезияға келісім беруі және стоматологиялық емдеуге қарсылығы жоқтығы жайлы. Дәл осы құжатта қауіптің бар екені айтылыпты. 

"Анасы баланың кейбір ас тағамдарына аллергиялық реакциясы барын ескерткен. Анестезия енгізу алдында аллергиялық реакцияға сынақ болған", - деді Ольга Никулина. 

Оның айтуынша, дәріні енгізгеннен кейін Семен әлсіреп кеткен. 

"Жүрегі тоқтап қалды. Олар баланы құтқармақ болып, адреналин енгізді, кейін жедел жәрдем шақырды", - дейді Никулина.

Бала бес минуттай клиникалық өлім жағдайында болған. Жедел жәрдем оқиға орнына лезде келген. 

"Баланы жансақтау бөліміне алып кетті. Жүрегі тоқтағандықтан, өкпесі мен миына қан кетті, сәл уақыт өткенде миы өлді. Түнгі екіде бала көз жұмды", - дейді Ольга. 

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған. Баланың денесі Ресейдің Омбы облысына жеткізілген. Семенді ата-анасы сол жақта жерлеген. Емханадағылар бұл ақпаратты растап отыр.

"Емханада сондай дерек болған, иә. Баланы жедел жәрдем алып кетті, ол демалып жатты, жүрегі жұмыс істеп тұрған. Жедел жәрдем оны сол күйі алып кетті, басқа ештеңе айта алмаймын", - деді емханадағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети