26 ақпан 2016 13:06

Қарағандыдағы аурухана қызметкерінің сірке суын не себепті ішкені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yvision.kz © Yvision.kz

Қарқаралы қаласындағы Орталық аурухананың бас дәрігері медициналық мекеме қызметкеріне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, аурухана қызметкері жұмыс орнында сірке суын ішіп қойған еді.


Қарқаралы қаласындағы Орталық аурухананың бас дәрігері медициналық мекеме қызметкеріне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, аурухана қызметкері жұмыс орнында сірке суын ішіп қойған еді.

Светлана Сүлейменованың айтуынша, оқиға 17 ақпанда болды. Суицидті ауруханада 2004 жылдан бері жұмыс істейтін 1964 жылғы әйел жасаған. Бас дәрігердің айтуынша, оқиға болған күні әйел қосалқы үй-жай мәселесі бойынша бас және аға мейірбикелермен жанжалдасып қалған.

"Мейірбикелер сөйлесу үшін оның кабинетіне бірге кіреді. Осы кабинетте ауру тарихы жазылатын мұрағат жасағысы келген. Ол мейірбикелердің көзінше шамамен бір ас қасығындай болатын сірке суын ішіп қойған. Қорқытқысы келген болуы мүмкін немесе шатастырып алған. Кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды", - деді Сүлейменова. Дегенмен зардап шегуші ауруханаға кешке қарай қайтадан хабарласады. Ол хирургиялық бөлімшенің динамикалық бақылау палатасына жатқызылады. Сүлейменовтің айтуынша, кейін әйел Қарағанды ауруханасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылған.

"Сол күні мен кешкі сағат 8.30-ға дейін ауруханада болдым. Маған ешкім бұл туралы айтқан жоқ", - деді бас дәрігер. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оқиға жөнінде хабарламаған қызметкерлерге жаза қолданылыпты.

Еске салайық, Қарағанды облысында аурухана қызметкерінің жұмыс орнында сірке суын ішіп қойғаны хабарланған еді. Оқиға Қарқаралының орталық ауруханасында болған. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне ("Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) сәйкес тергеу амалдары басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети