14 қараша 2016 | 22:58

Қарағандыдағы "Саран" шахтасында болған апатқа қатысты алғашқы болжам айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеншілер қолданған тасымалдағыш құрылғыда техникалық ақау болған екен. Ал осы апатта қаза тапқан 4 кенші жер қойнына табысталды, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Кеншілер қолданған тасымалдағыш құрылғыда техникалық ақау болған екен. Ал осы апатта қаза тапқан 4 кенші жер қойнына табысталды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Демалыс күндері облыс әкімі марқұмдардың үйлеріне кіріп шықты. Қаралы отбасыларға көңіл айтып, марқұмдардың 10 жылдық жалақысын компанияның төлеуін қадағалайтынын жеткізді. Жарақат алғандар да қаржылай көмектен шет қалмайды. Мейрам Жанысбаев пен Мұрат Нұрмағамбетов өткен демалыс күндері жерленді, ал Эдуард Лесников және Михайл Тапинмен ел-жұрты бүгін қоштасты. Тепсе темір үзетін азаматтармен соңғы сапарға шығаруға келгендердің қарасы қалың. Әсіресе, әріптестері күні кеше жайраңдап жүрген жігітттердің жоғына сене алар емес.

"Төртеуінен бірдей айрылып қалғанымыз өкінішті. Ауыр әрі қауіпті өндіріс екені рас. Арамыздағы жас жігіттен басқаларымен 10-15 жыл бірге жұмыс істедім. Эдуард ауған соғысынан аман келген, сом денелі, батыр жігіт еді. Ажалы соғыстан емес, шахтадан болды, - дейді кенші Борис Шевчук.

Еске салайық, осыдан 4 күн бұрын "Саран" шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапқан. Түрлі жарақат алған 5 адам ауруханада жатыр. Апаттың нақты себебін енді арнайы комиссия бір аптадан соң жарияламақшы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети