24 мамыр 2017 | 12:21

Қарағандылық бүйрек ауыстыру отасына бара жатып жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 жастағы ер адам бүйрек алмастыру отасына бірнеше күн қалғанда қайтыс болды. Ол Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен еді. Жол-көлік оқиғасынан Қарағанды облысының екі тұрғыны қаза тапты: анасы мен 28 жастағы ұлы. Олар Қарағандыға бүйрек ауыстыру үшін тексеруге бара жатқан. Олар мінген көлік тізгінінде тәжірибелі жүргізуші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

28 жастағы ер адам бүйрек алмастыру отасына бірнеше күн қалғанда қайтыс болды. Ол Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен еді. Жол-көлік оқиғасынан Қарағанды облысының екі тұрғыны қаза тапты: анасы мен 28 жастағы ұлы. Олар Қарағандыға бүйрек ауыстыру үшін тексеруге бара жатқан. Олар мінген көлік тізгінінде тәжірибелі жүргізуші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел жәрдем бригадасы хабар түскеннен кейін оқиға орнына дереу жетті. Бұл оқиға Қарағанды-Астана тасжолындағы Осакаровка ауылынан 35 шақырым жерде болған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер екі адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Олар жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақатынан қаза тапқан. Үшінші адам, ауруханаға барудан бас тартты", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса. 

Жол-көлік оқиғасы туралы Tengrinews.kz тілшісіне көлік тізгінінде болған ер адамның ұлы айтып берді. Александрдың айтуынша, әкесі адамдарды тасымалдаумен айналысқан. Кеше, 23 мамырда, ол таңғы уақытта таныстарымен бірге Осакаровка ауылынан  шыққан.

"Әкем осы отбасымен біраз жылдан бері араласып келеді. Ол әрдайым Қарағандыға ауруханаға апаратын. Кеше әдеттегідей қалаға апаруы тиіс болатын. Қалада балаға бүйрегін ауыстыру үшін ота жасау жоспарланған. Ол тексеруден өтуі тиіс еді. Алайда жолда мынадай қайғылы оқиға болды. Әкем жол үстінде қарсы жолдан бір көліктің атып шыққанын айтты. Бетпе-бет соғыспасы үшін, ол оңға бұрып, жол шетіндегі қоршауға соғысқан, содан кейін басқаруды игере алмай қалған. Оның көлігі бетонға соғысты", - деді Александр.

Сонымен қатар, ұлының айтуынша, әкесі есінен танып қалған, ал есін жиған сәтте жолаушыларға көмектесейін деген, алайда кеш болған.

"Әкем алдыда отырған жігіттің жүрек қағысын тыңдаған, сол кездің өзінде ол демалмаған. Көліктен шыққанда әкем құлап, аяғын сындырып алған. Әйел адам демалып жатқан сияқтанған. Жедел жәрдемді осы оқиғаны көріп тоқтаған куәгерлер шақырған. Әкемді полиция бөлімшесіне алып кетті, алайда оның көптеген жарақаттары болды: бас-сүйек миы шайқалған, аяғы сынған. Ол есеңгіреп қалды. Әрине бұл жарақаттар қаза болғандардікімен салыстыруға келмейді. Анам қаза болғандардың үйіне барып, көңіл айтты. Біздің отбасымыз қолдан келген көмекті аямайды. Сонымен қатар, біз осы жол апатына куәгер болғандарды іздейміз. Осы жол апатына себепкер автомобильді көрген адамдар бар ма?", - деді ер адам.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети