17 қаңтар 2018 12:24

Қарағандылық туған анасы мен әжесін өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © pexels.com Иллюстрациялық сурет © pexels.com

Қарағанды тұрғыны туған анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды тұрғыны туған анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысындағы Абай қалалық сотында тергеушінің Х. есімді азаматқа қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініші қаралды. Бұл 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын аса ауыр қылмыс жасауға байланысты болған.

"Сот Х. есімді азаматтың мас күйінде анасы мен әжесін өлімші етіп жарақаттағанын анықтады. Олардың мерт болғанын түсінген соң, ізін жасыру мақсатында өрт шығарған. Сот үкімімен Х. есімді азаматқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети