27 шілде 2015 15:04

Қарғалы өзенінің арнасы жекеменшік құрылыстардан тарылған - "Қазселденқорғау"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазселденқорғау" ММ басшысы Талғат Тәжібаев Қарғалы өзенінің Наурызбай батыр ауданындағы арнасын ретке келтіру керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазселденқорғау" ММ басшысы Талғат Тәжібаев Қарғалы өзенінің Наурызбай батыр ауданындағы арнасын ретке келтіру керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, өзен арнасы жекеменшік құрылыстан бұзылып, 23 шілдедегі сел кезінде судың арнасынан шығып, үйлердің қирауына әкелеген. Тәжібаевтың айтуынша, Қарғалы өзеніндегі бөгет 1,2 миллион текше метр сел массасын ұстай алады, оны қайта салудың қажеті жоқ. Сел ұстайтын бөгеттің биіктігі - 28 метр. 23 шілдеде су деңгейі 8 метрге дейін көтерілген.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 1036 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 51 бала бар.

Оқиға орнында көшелерді тазалап, селдің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сел жүрген аудандардан 18 мың текше метр қоқыс шығарылды. Аймақта ТЖК бөлімшесі, ІІМ Ұлттық гвардиясы, Алматы ІІД, жергілікті құқық қорғау органдары мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. 1758 адам мен 352 техника жұмылдырылды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети