16 мамыр 2015 | 19:47

Қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізушілер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©КТК ©КТК

Қарсы бағытқа шығып кеткен автобус және троллейбус жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарсы бағытқа шығып кеткен автобус және троллейбус жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД қызметкерлері Интернетте жарияланған видеоны көрді. Болған оқиға тексерілді.

"Жол жүру ережесінің 2015 жылдың 11 мамырында сағат 16.00-де бұзылғаны анықталды. Оқиға Сейфуллин көшесінің бойында, Мақатаев көшесінің батыс жағында болды. Троллейбусты 1979 жылы туған А. есімді азаматша айдап отырған. Ол өзінің кінәсін бірден мойындады. Ережені бұзғаны үшін жүргізуші ӘҚБТҚРК 596-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жақын арада материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіледі", - деді ІІД ӘПБ басшысының орынбасары Жандос Мұратәлиев. 

№2 автобус паркіне тиесілі, 30-маршрутпен жүріп бара жатқан Yutong автобусының жүргізуші де анықталды. Ол 29 жастағы азамат болып шықты. Көлік жүргізушісінің бұл қылығын парк басшылығы сынады.

"Ережені бұзған автобус жүргізушісі жұмысынан босатылды. Оның қайда жүргені анықталғаннан кейін бұл жүргізуші де жауапқа тартылады", - деді полковник Мұратәлиев.

 

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети