Павлодарда мектеп оқушысын басып кеткен трамвайдың жүргізуші әйел оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда мектеп оқушысын басып кеткен трамвайдың жүргізуші әйел оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
12 жылдық еңбек өтілі бар Балзада Раисова қалай тежегішті юасса да қозғалып келе жатқан вагонды тоқтату мүмкін емес еді. "24 қыркүйекте №5 маршрутта 62-ші вагонда жұмыста болдым, вокзал жаққа қарай кетіп бара жаттым, Қайырбаев көшесімен қиылысқан жерде Лермонтовқа жетпей жол жиегінде оқушы баланың тұрғанын көрдім. Тежегішті басып, дыбыс дабылын қостым, бірақ ол тұра берді. Жақындай келе қашып кетуге дайындалып тұрғандай болды. Дереу шұғыл тоқтауға әрекет жасадым, вагонда болған барлық тежегіш түрін пайдаландым. Тоқтау кезінде бала маған қарай қарсы жүгіріп, вагон астына секірді", - деді Раисова.
Трамвай жүргізушісінің сөзінше, оқиғадан кейін ол жолаушылармен бірге шығып, жедел жәрдем шақырған. "Жолаушылардың арасында бұрынырақта ТЖ-да жұмыс істеген жігіт табылды, ол баланы трамвай астынан алып шықты. Бала вагонның бірінші дөңгелектерінің астында жатты, есік тұсында", - деді трамвай жүргізушісі.
© Tengrinews.kz
Сонымен қатар, Раисова полиция қызметкерлерімен кездескенін, медициналық куәландырудан өткенін айтты. Оның есі дұрыс әрі қанында алкогольдің немесе есірткі затының жоқтығы анықталған.
"Әлі де есеңгіреп отырмын, жұмыс істей де алмаймын", - дейді Раисова. Қазіргі уақытта бала астына түсіп кеткен трамвай вагоны депода екен. Кондуктор Алексей Сороколет трамвай жүргізушісінің сөзін растап отыр, себебі ол оқиға кезінде алдыңғы орында отырыпты.
Куәгерлер де, жүргізуші де баланың жақсы киінгенін айтып отыр.
Еске салайық, осыған дейін Павлодарда тағы бір баланы трамвай басып кеткені хабарланған еді. Оқиға 21 қыркүйекте шамамен 19.40-та 1 мамыр көшесінің Лермонтов көшесімен қиылысқан тұсында болған.