05 қараша 2018 09:54

Каскадердің өлімі. Nomad Stunts өкілі оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Желіде пайда болған видеоның кадрларында каскадерлардың бірінің қайтыс болғаны көрсетілді, олар алматылық клубтардың біріне Хэллоуинді атап өтуге шақырылған. Желі қолданушылары клубтағы қайғылы оқиға мен танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өлімін байланыстырды.


Видеодан алынған кадрлар.

Nomad Stunts тобының коммуникациялар жөніндегі менеджері Евгения Лидің айтуынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге барлардың бірінде шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша ол асылып тұрған мумияны сомдады.

"Қасымның үстінде арнайы каскадерлік желетке болды, ол трюктерді орындауға арналған (ол қарапайым желетке сияқты киіледі және түрі де сондай). Бұл киімнің арнайы белдіктері бар, ол дененің төменгі жағына тағылады (желетке альпинистік сақтандыру құралына ұқсайды) және күштің дұрыс түсуіне мүмкіндік береді. Қасымды осыған бекітіп, желеткеге асылды. Көрермендер көрген ілмек - қолдан жасалған, бұл да костюмнің бір бөлігі, ол тартылмаған. Асыла бастағанда Қасымның шығуға ұмтылған сәті - шоу-бағдарламаның бір бөлігі", - деді ол.

Қасым Жұмағожин үш метр биікте асылып тұрған. Евгения Лидің айтуынша, аспалы жүйе барда орналасқан, ол қазақстандық, ресейлік және голливудтық фильмдердің түсіріліміне бірнеше рет қолданылған. Ол жоғарыдан құлау, каскадерді жұлу, сонымен қатар, ұшуды көрсету үшін қолданылады. Оған бекітілген әр бекіткіш пен желеткенің көтере алатын максимал салмағы - 500 келі. Қасымның салмағы - 75 келі. 

Сонымен қатар, тесттік асу тәсілі де жасалған - Қасымды көтерген, ол бәрі дұрыс деп жауап берген. Осыдан кейін оны бірден төменге түсірген. "Оның қасында үнемі кәсіби каскадер болды, оның тәжірибесі мол. Менің айтқым келетіні, трюктер мен аспалы жүйеде жұмыс істеуде жалғыз адам ешқашан жүрмейді. Каскадердың әрдайым жұбы бар, ол оны сақтандырып, қимылдарын бақылап жүреді. Әлемдегі барлық каскадердің өз ишарат жүйесі бар, егер каскадер өзін жайсыз сезінсе ол бірден белгі беріп, трюкті орындау тоқтатылады. Қасым өзінің әріптесіне бірнеше рет белгі беріп, бәрі дұрыс екенін жеткізген", - деді ол.

Евгения Лидің айтуынша, 15 минуттан кейін Қасымды төменге түсірген, ол есін біліпті, бірақ өте әлсіз болған. Әріптестері оны бірден таза ауаға шығарып, жедел жәрдем бригадасын шақырып, алғашқы көмекті көрсеткен. Оқиға болған жерге жеткен дәрігерлер жансақтау шараларын жүргізіп, кейін оның көз жұмғанын айтқан.

"Бүгін Қасымның туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алды, онда әріптесіміздің асқынған миокард бірінші инфарктінен қайтыс болғаны айтылған. Тағы бір айта кететін жайт, Қасым Жұмағожин - тәжірибесі мол каскадер, ол Nomad Stunts тобында оның негізі қаланғалы бері жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол цирктің екінші буынының кәсіби әртісі. Қасым циркте өсті, дайындығы мықты, отандық және голливудтық ең үздік фильмдердің түсіріліміне қатысты", - деді Евгения Ли.

Қасым Жұмағожинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 5 қарашада өтеді. "Барлығымыз Қасымның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Біз досымыздан айырылдық және бұл жайттың болғанына әлі де сене алмаймыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, 4 қарашада Nomad Stunts командасының өкілі, қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғаны анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кося, мы запомнили тебя таким. Ты навсегда в наших сердцах, Брат. Йоу!

Публикация от Nomad Stunts (@nomadstunts)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети