03 наурыз 2018 09:09

Қаскелеңде баламен бір бөлмеде болған жартылай жалаңаш тәрбиешінің ісінде жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразия Бірінші арнасы Қаскелеңдегі мектеп-интернатта әкесінің мүгедек баласын бірі жартылай жалаңаш екі әйелмен бір бөлмеде ұстап алғаны жайлы оқиғаның мән-жайын білді. Видеобақылау камерасына түсірілген видео баланың әкесі Құрманғазы Айтмұқановтың сөзін растап берді. 


Еуразия Бірінші арнасы Қаскелеңдегі мектеп-интернатта әкесінің мүгедек баласын бірі жартылай жалаңаш екі әйелмен бір бөлмеде ұстап алғаны жайлы оқиғаның мән-жайын білді. Видеобақылау камерасына түсірілген видео баланың әкесі Құрманғазы Айтмұқановтың сөзін растап берді. 

10 жастағы ұлы Арсен шын мәнінде екі әйелмен бір бөлмеде болған. 

"Жүрегімді де, миымды да толғандыратын бір-ақ нәрсе - балам 40 минут бойы осы бөлмеде не істеді?", - дейді ер адам. 

"Бастапқыда кіріп барған соң ұялып кеттім, сосын сұмдық бір нәрсенің болғанын сездім, суретке түсіріп алмасам, кейін ештеңе дәлелдей алмай қаламын деп ойлап, бөлмеге қайта барып, екі рет суретке түсіріп алдым. Олардың бұл бөлмеде не істегені жайлы сұраққа әлі күнге жауап ала алмадым", - дейді баланың әкесі. 


Баланың әкесі Құрманғазы Айтмұқанов. © 1tv.kz 

Ал баланың өзі бөлме ішінде не болғанын айтып бере алмапты. Арсеннің аутизм белгілері бар ақыл-есі кем бала. Суреттерді әкесі интернат директорына, кейін полиция қызметкерлеріне көрсетіпті. Алайда ер адамға ондағылар қылмыс құрамы жоқ дегенді айтып, шығарып салыпты. 

Әкесі бұл оқиға жайлы әлеуметтік желілерге жазғаннан кейін ғана елдің назарына ілінді. Интернат тәрбиешісі 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Қазір ол ауырып қалып, жұмысқа келмей жүр екен. Түсініктемесінде әйел массаж қабылдағанын жазыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети