13 наурыз 2015 18:25

Қасқыр аузынан аман қалған ШҚО тұрғыны құтыру ауруынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының қасқырдың аузынан аман қалған тұрғыны құтыру ауруынан қайтыс болды. Екі ай бұрын оны жыртқыштан әйелі құтқарып қалған болатын, - деп хабарлайды Yk-news.kz


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының қасқырдың аузынан аман қалған тұрғыны құтыру ауруынан қайтыс болды. Екі ай бұрын оны жыртқыштан әйелі құтқарып қалған болатын, - деп хабарлайды Yk-news.kz

Басылымның мәліметінше, ер адам Өскемендегі қалалық бірінші ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде қайтыс болды. Оған "құтыру" деген диагноз қойылды. Еске салайық, Желдіқара учаскесіндегі ауылда 13 қаңтарда ер адамға қасқыр шапқан болатын. Бастапқы кезде жыртқыш аң тұрғындардың біріне шабуылдап, оны тістелей бастайды. Одан кейін бөрі өзіне қарай жақындап келе жатқан тағы бір адамды көріп, шабуыл жасайды. Бірақ ер адамды оның әйелі күйеуіне дер кезінде пышақ әкеліп беріп, құтқарды. Ер адам қасқырды пышақпен өлтірді. Сонымен қатар, Аягөз ауданының тұрғынының өз күйеуін құтқарғаны үшін марапатталатыны хабарланды. 

Қасқыр шапқаннан кейін бір ай өткенде Аягөз аудандық орталық аурухананың дәрігерлері зардап шегушінің құтыру ауруына шалдыққанын анықтап, облыстық орталыққа жібереді. Дәрігерлердің айтуынша, емделуші қалалық бірінші аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде медикаментозбен қолдау корсетілетін аппараттқа қосулы болған. Ол 9 наурызда көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети